Экономика • Кеше

Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкі бірлескен қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады

Фото: kzvesti.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл шешімді қабылдауға негіз болған себептерге түсініктеме берді. 

«Бұл шешім қазіргі макроэкономикалық жағдайларды ескере отырып, ипотекалық кредиттердің құнын реттеуге сараланған тәсілді қамтамасыз ету, халық үшін қарыз қаражатының қолжетімділігі мен банк секторының орнықтылығы арасындағы теңгерімді қолдау, сондай-ақ ЖТСМ-ді төмендету туралы норма күшіне енгенге дейін ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға өтінім берген азаматтарға реттеушілік талаптардың өзгеруіне байланысты ипотеканы теріс шешімсіз ресімдеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданды», делінген агенттік таратқан хабарламада.

Кімдікі тиімді: Банктердің ипотекалық өнімдеріне шолу

Бірлескен қаулының толық мәтінімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Айта кетейік, биыл қолжетімді болуы мүмкін ипотекалық бағдарламалар анықталды.

Былтыр елімізде халықтың ипотекаға сұранысы төмендеп, автонесиеге қызығушылық артқан.

Соңғы жаңалықтар