Полиция жедел әрекет етіп, ұрланған көлікке бағдар барлық патрульдік экипаждарға таратылып, бейнебақылау камералары арқылы көліктің қала сыртына бағыт алғаны анықталды. Ал Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті көлікті тасжолда тоқтатып, оны басқарып келе жатқан 22 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның сол күні тағы бір автокөлікті ұрлағаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған.