фото: instagram.com/shk_kz
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтар күні Шахтинск қаласынан шығар тұста маршруттық автобустың жүргізушісі боран мен көктайғаққа байланысты көлікті басқара алмай қалып, автобус тасжолдан шығып кеткен.
«Автобус салонында шамамен 50 жолаушы болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінде.
Полиция өкілдері қазіргі уақытта өңір аумағында қолайсыз ауа райы сақталып отырғанын атап өтті.
Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға, арақашықтықты ұстануға, күрт маневрлерден аулақ болуға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға кеңес берілді.
Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді
«Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне тікелей байланысты», деп түйіндеді ведомствода.
Айта кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады.