Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026

Атырауда күдіктіні азаптаған бес полицей бас бостандығынан айырылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Дулат Төлеуовтің айтуынша, арнайы прокурорлар қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлері тарапынан күдіктіні азаптау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда күдіктіні азаптаған бес полицей бас бостандығынан айырылды

«Бастапқыда қылмысты ашу оңай болмады. Себебі, азаптау жүргізілген бөлменің ішінде камера болған жоқ. Ал есік сыртындағы камерада жедел уәкілдердің қылмыс ізін жасырған сәті тіркелді. Есік сыртында тұрған куәгер жәбірленушінің айқайлап, көмек шақырған дауысын естіген», дейді Дулат Төлеуов.

Жәбірленушінің дерегіне қарағанда, соққыдан құлағы естімей қалған. Ол прокуратураға шағым түсірген.  

«Тергеу барысында қалалық полиция бөлімінің 5 жедел уәкілі жәбірленуші Қ.Р.-ды қызметтік кабинетте ауыр қылмысты мойындату мақсатында ұрып-соққаны, яғни азаптау әрекетін жасағаны анықталған. Жиналған материалдармен аталған қызметкерлердің кінәсі толық дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен полиция қызметкерлерінің әрқайсысы 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Соңғы жаңалықтар