Сурет ашық дереккөзден алынды
Жастардың айтуынша, интернетте өтетін уақыттың едәуір бөлігі шынайы байланысқа емес, керісінше, жалғыздық сезімін күшейтуге ұласатын көрінеді. Сондықтан көпшілік шынайы өмірге қайта бет бұрған. Сауалнамаға қатысқандардың 84%-ы күнделікті дағдысына кітап оқу, дәптерге жазу, қағаз күнтізбе қолдану, үстел ойындарын ойнау, бөлек оятқыш қою сияқты қарапайым әрекеттерді енгізген. Зерттеу авторларының бірі Барбара Хаген мұны технологиядан қашу емес, офлайн уақыттың құнын түсініп, назарды қайта басқаруға ұмтылыс деп бағалайды.