Туризм • 14 Қаңтар, 2026

2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Еліміздің 20 өңірінде 55 ауқымды іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік  іс-шаралар күнтізбесін жариялады

Фото: istockphoto.com

Министрліктің мәліметінше, бұл бастаманың басты мақсаты – ішкі туризмді жандандыру және Қазақстанның туристік әлеуетін толық ашу.
«2026 жылға арналған күнтізбе – Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясындағы қадамдардың бірі. Бұл бастама оқиғалы туризмді жүйелі дамытуға, өңірлердің туристік бірегейлігін нығайтуға, қолайлы цифрлық шешімдер қалыптастыруға және Қазақстан бойынша саяхаттардың тартымдылығын арттыруға бағытталған», делінген хабарламада.
Күнтізбеге енгізілген 55 іс-шара мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық бағыттарды қамтиды. Олардың басым бөлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқиғалар.
 
Басты жаңашылдықтар:
  • Онлайн-платформа: Туристерге ыңғайлы болу үшін арнайы www.event.qaztourism.kz веб-ресурсы іске қосылды. Платформада іс-шаралардың өтетін күні, өңірі және санаты бойынша ақпарат алуға болады.
  • Бизнес қолдауы: Жобалардың көпшілігі бизнес өкілдерінің қатысуымен немесе демеушілігімен ұйымдастырылады, бұл бюджетке қосымша салмақ түсірмейді.
Соңғы жаңалықтар