Аймақтар • 15 Қаңтар, 2026

Оралда «Айтыстың Асан Қайғысы» атты айтыс өтті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Жүрсін Ерманның 75 жасына арналған «Айтыстың Асан Қайғысы» атты облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда «Айтыстың Асан Қайғысы» атты айтыс өтті

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының облыстық филиалы төрағасы Бауыржан Халиолланың айтуынша, он күннен соң Орал қаласында республикалық аламан өткізу жоспарланған екен.

«Биыл айтыстың қара нары Жүрсін ағамыз мерейлі 75 жасқа толғалы отыр. Өмір мен өлімнің ортасында жатып, ел тілеуінің арқасында арамызға қосылған ардақты ағамыздың тойын Ақжайық жағасынан бастасақ деген ой болды. Бұл ұсынысымды қолдаған облыс басшыларына, демеушілерге рахмет», дейді Бауыржан Ергенұлы.

2026 жылдың алғашқы сөз додасына осынау халық өнерінің шырақшысындай болып, қазақ айтысының жүгін қырық жыл көтерген Жүрсін Ерман Ақжайық өңіріне арнайы келді. Қайраткерді облыс басшысы Нариман Төреғалиев өзі қабылдап, құрмет көрсетті. Облыстың Бауыржан Ширмединұлы, Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев т.б. сынды 12 ақыны қатысқан айтысқа белгілі кәсіпкер Мадияр Құрманғалиев демеуші болды.

Шымкентте оқушылар арасында республикалық айтыс өтті

Қазылар алқасын Жүрсін Ерманның өзі басқарып, жергілікті ақын-жазушылар Дариға Мұштанова, Ғайсағали Сейтақ, Бауыржан Ғұбайдуллин, Бауыржан Халиолла сарапшылық етті.

6

Айтыстың шарықтау шегі − «Алтын домбыраның» үш дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязов пен «Алтын домбыра» мен «Асыл домбыраның» жалғыз иегері Жансая Мусинаның арасындағы жекпе-жек айтыс болды. Меценат Мадияр Құрманғалиев екі ақынға да арғымақ мінгізді.

Айтыс: «Жекпе-жектің» жеңімпазы белгілі болды

Ал облыстық сөз сайысының нәтижесінде бас жүлде Талғат Мықиға бұйырып, 1 млн теңгеге ие болды. Бірінші орынға – Орынбек Меңдіқұлов, ІІ орынға – Мұрадым Мирланов пен Эльдар Ихсанов, ІІІ орынға – Айнабек Бисенғалиев, Мейірман Шәкенов, Райымбек Өтепов, Данияр Нысанғалиев лайық деп танылды. Бауыржан Ширмединұлы – Жүрсін Ерман атындағы арнайы сыйлық иесі атанса, Жарқынбек Шынтаев, Бекболат Қаленов және Әділ Ахметов шабыттандыру сыйлығына ие болды.

6

Соңғы жаңалықтар