Фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сонымен қоса жоғары оқу орындары мен колледждердің 1 108 оқытушысын оқыту маңызды нәтиже болды, бұл қазіргі заманғы даярлық стандарттарының тұрақты таралымын қамтамасыз етеді. Оқытудың басым бағыттары бойынша олардың санын нақты айтып өтсек, кеңейтілген практика мейіргерлерін даярлау – 173, медициналық ұйымдарды аккредиттеу – 213, пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру – 69, созылмалы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу – 5 өңірде 203 маман, заманауи симуляциялық технологияларды қолдану – 12 өңірде 553 маман оқытылған.
Аталған іс-шараларды іске асыру мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келеді, кадрлық әлеуетті нығайтады, мамандардың тапшылығын азайтады және медициналық көмектің сапасын, әсіресе шалғай өңірлерде арттырады.