Ғалам ғажаптары • 20 Қаңтар, 2026

Ақылды жемсауыт

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швеция инженерлері қоршаған ортаны тазалауға бағытталған ерекше «Corvid Cleaning» стартап технологиясын ұсынды. Компания құстарға дәнді дақылдарды қоқысқа айырбас­тайтын ақылды жемсауыт­тар әзірледі.

Ақылды жемсауыт

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жүйе темекі тұқылдарын және бөтелке қақпақтарын дәл танып, қабылдай алады. Ал тастарды, бұтақтарды немесе жапы­­рақтарды қоқыс ретінде өткізу мүм­кін емес. Осылайша, құстардың жүйені ал­­дауы­на жол берілмейді. Жобаның негізгі пайдаланушылары – қарғалар. Бұл құстардың зеректігі жоғары әрі бір-бірінен тез үйрену қабілеті бар. Мамандардың пікірінше, бұл бастама ортаны тазалауға ғана емес, жануарлардың танымдық қабілетін зерттеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлес қоса алады.

 

Соңғы жаңалықтар