Қоғам • 21 Қаңтар, 2026

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бородулиха ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында мемлекеттік жерлерді заңсыз иелену және орман қорына заңсыз қол сұғу деректері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім қылды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Фото Depositphotos.com

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ертіс орманы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары Успенка және Поднебесное елді мекендерінің жайылымдық алқаптарына заңсыз дайындалған ағаш материалдарын орналастырған.

«Аталған жер учаскелері «Ертіс орманы» мекемесіне ресми түрде пайдалануға берілмеген. Заң бұзушылыққа жол берген 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар Новошульба филиалына қарасты Успенка орманшылығы аумағында «қарағай» тұқымдас 92 ағаш заңсыз кесілгені анықталды. Заңсыз кесу аумағы 96,7 шаршы метрді құраған. Келтірілген материалдық залал көлемі 760 мың теңгеден асады», делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Дүниежүзіндегі ормандарға үлкен қауіп төніп тұр

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы 10 жылда орман көлемін арттырған 10 ел

 

Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35