Өндіріс • 21 Қаңтар, 2026

Түркістан облысында бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түлкібас ауданында «MK ALTYN NAN» ЖШС-ның ұн шығаратын зауыты қайта жаңғыртылып, іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

Аталған кәсіпорын бидай өнімін өңдеуге бағытталған. Зауыт алғаш рет 1986 жылы іске қосылып, 2018 жылы тоқтап қалған болатын. 2024 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын толықтай қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері арттырылды.

Келешегі күмәнді сода зауыты

Бүгінде мемлекеттік қолдауды пайдаланып, несие алған зауыт жылына 120 мың тонна бидай өнімін өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Диірмен кешені басшылығы жобаны кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.

Заманауи әйнек өндіретін зауыт

Түлкібаста шығарылған ұн еліміздің ішкі нарығымен бірге Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанға экспортталады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12