Ғалам ғажаптары • 23 Қаңтар, 2026

Ақылды тоңазытқыш

1 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Samsung» компаниясы дауыс­пен басқарылатын ақылды тоңазыт­қышты жасап шығарды. Құрылғы «Gemini» жасанды интеллекті негізінде жұмыс істейді.

Ақылды тоңазытқыш

Сурет ашық дереккөзден алынды

Енді тоңазытқыш есігін ашу немесе жабу үшін тұтқаны тартудың қажеті жоқ. Дауыстап бұйрық берсеңіз жеткілікті. Жаңа технология шаруаң шаш етектен болған жағдайда тұрмыстық техниканы пайдалануды жеңілдетуге бағытталған. Сонымен қатар тоңазытқыш азық-түлік сапасын да бақылауда ұстайды. Мерзімі өтіп кеткен немесе бұзылған заттардың да жарамсыздығын айтады. Таусылып бара жатқан өнімді де еске салып, толтырып қоюға кеңес береді. Тіпті қай тағамның қайсымен үйлесетінін де сараптап, дұрыс тамақтануға көмектеседі.

 

Соңғы жаңалықтар