Оқиға • 26 Қаңтар, 2026

Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында биылғы қысқы маусымда бес адам ажал құшты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Республикалық жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің бас құтқарушысы Вадим Пак брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Желтоқсан және қаңтар айларында құтқарушылар 20-дан астам рет шақыртуға шыққан.

«25-тен астам адам құтқарылды. Өкінішке қарай, бес адам қаза тапты. Көп жағдайда бұл қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болады. Адамдар дайынсыздық шыққан, дұрыс киінбеген және қар көшкіні мен үсік шалу сияқты қауіп-қатерлерді бағаламаған. Кейде туристер өздері таңдаған бағытқа дайын болмай шығады, соның салдарынан осындай қайғылы жағдайлар болады», деді Вадим Пак.

Сонымен қатар тағы бес адамға психологиялық көмек көрсетілген.

Алматы тауларында үш адам жоғалды: бір адамның мәйіті табылды

Құтқарушылардың айтуынша, биыл қар жиі жаумағанымен, түскен ақ ұлпаның біржолғы мөлшері мен қалыңдығы айтарлықтай жоғары. Вадим Пак қар көшкініне ең қауіпті аумақтар ретінде еңіс бұрышы 30-45 градустан асатын беткейлерді, қарға толы аңғарлар және қар жауғаннан кейінгі жел өтіндегі учаскелерді атады. Туристерге қар жауғаннан кейінгі алты күн ішінде сақтық шараларын барынша күшейту ұсынылады.

Алматы тауларына күніне 30 мың турист тарту жоспарланды

Соңғы жаңалықтар