Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, Қытай елінің Көктем мерекесіне байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы көлік өткізу бекеттерінде көлік құралдарының және жүктің өтуі жүзеге аспайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.
«Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралық өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істейтін болады.