Білім • Кеше

1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған.
2023-2025 жылдар қорытындысы бойынша:
  • 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді;
  • 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
  • 2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
  • 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
  • 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
  • 1 401 мектептің асханасы жаңартылды;
  • 1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.
Сонымен қатар 2023-2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:
  • 2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет);
  • 2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет);
  • 2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет).
Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.
Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1 300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.
Соңғы жаңалықтар