Спорттық жаттығу барысында оқушының басы ауырып, жүрегі айныған. Бала анасы және әпкесімен бірге жедел жәрдем көлігіне жеткізілген. Алайда, бригада келмей тұрып биологиялық өлім тіркелгендіктен, көрсетілген медициналық көмектің пайдасы болмаған.
Алматыдағы жекеменшік мектепте оқушы өзіне қол жұмсамақ болды
Ақмола облыстық полиция департаменті баланың өлімін растады:
«Жаттығу кезінде баланың жағдайы күрт нашарлаған. Процессуалдық шешім тексеру қорытындысынан кейін қабылданады», делінген полиция мәлімдемесінде.
Өлімнің нақты себебі әлі белгісіз. Қыз бала бұрыннан бронхиалды астмамен ауырған.
Бұдан бұрын Қаскелеңде 9-сынып оқушысы да сабақ кезінде қайтыс болғанын хабарлаған едік.