Ғалам ғажаптары • Кеше

Хандарды қашап сомдаған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендік шебер Юрий Костанян ағаштан қазақ хандары мен батыр­ларының мүсінін жасайды. Ол бұл іспен 70-тен асқан шағында да тұ­рақ­­ты айналысып жүр. Шебердің ай­­туынша, ағаш мүсін қашау тоқ­­­тау­сыз еңбек ­пен төзімді талап етеді.

Хандарды қашап сомдаған

Сурет ашық дереккөзден алынды

Юрий Коста­нян­ның мұражай-үйі ағаш мүсінге то­лы. Мұнда 400-ден аса экспонат бар. Туын­дыла­ры­ның басым бөлігі қазақ тарихына ар­налған. Шебердің еңбектері шетел­ге де шыққан. Ол 12 жыл бұрын Парижде көрме өткізіп, өнерсүйер қауымды таңғалдырған. Қазір оның кей мүсіндерін арнайы іздеп келіп, сатып алатындар көбейген. Батырлармен қатар, Кенесары, Абылай, Хақназар хандардың ағаштан ойылған бейнелері де назар аударарлық. Шебер Шыңғыс хан және оның ұрпақтарына қатысты да туындылар жасаған.

 

Соңғы жаңалықтар