Білім • Бүгін, 08:43

Сабақ берудің тиімді тәсілі

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде мұғалімдерге қойылатын талап күшейді, бұл – бір жағынан өскелең ұрпақтың білімге деген ықыласын арттыруға септігін тигізсе, екіншіден, ұстаздардың да кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жол ашады. Мен бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Мектеп табалдырығын енді аттаған, әлі оң мен солын ажыратып үлгермеген бүлдіршіндерге лайықты деңгейде білім бере алу үшін өзіндік ерекше әдіс-тәсілдерді әзірлеп шықтым. Бұл – уақыт талабы.

Сабақ берудің тиімді тәсілі

Сабақ беру – тек ақпарат ұсыну емес, оқушының қызығу­шы­лы­­ғын ояту және алған білімін өмірде қолдана алуына жағдай жасау. Мен өз жұмысымда көп әдіс тәсілді қол­дана­мын, соның бірі – «Тірі суреттер» деп аталады. Бұл баланың ақпаратты қабылдауын мей­лінше жеңілдетеді. Ойлана келе, визуалды күрделі ережелерді жаттағанша олар­ды кейіп­керлерге айналдырған жөн деп шеш­тім. Тиісінше, бұл ұтымды шешім болды. Балалар мұндай тәсілге лезде қызығу­шылық танытып, олардың кітап­тағы тапсырманы қабылдауы, сіңіруі, соған сай пайым айта білу дағдылары қалып­тас­ты.

Сонымен қатар дыбыстарды жуан және жіңішке дегенше, «алыптар» мен «ерге­­жей­лі­лер» патшалығы ретінде сипаттау да өз-өзін ақтаған әдіс болды дер едім. Қазір осындай ерекше тәсілдерді басшылыққа ала отырып, сабақтарымды мейлінше қызықты етіп өткізіп жүрмін.

Рас, қазір білім беру парадигмасы түбе­гей­лі өзгерді. Бұрын білім берудің басты мақсаты – «көп ақпаратты жаттату» болса, қазір­гі бас­ты шарт – «сол ақпаратты тауып, талдап және өмірде қолдана алу». Ескі жүйеде оқушылар қате үшін жазаланатын (төмен баға). Жаңа жүйе бойынша қате – оқу үдерісінің маңызды бөлігі. Оқушы қателесу арқылы ізденуді үйренеді. Сондықтан бағалау емес, кері байланыс (формативті бағалау) маңыздырақ болып отыр.

Мен бастауыш сыныптың мұғалімі маман­дығын бекер таңдаған жоқпын. Шына­йы қызығушылық пен құлшыныс осы бағыт­қа қарай жетелеп алып келді. Басқа маман­дық­­­тар­да нәтижені жылдар бойы күту керек болса, бастауыш сыныпта баланың кеше ғана әріп танымай, бүгін алғашқы сөзін оқығанын көру – ерекше бақыт. Баланың көзіндегі «түсіндім» деген ұшқынды көру – мен үшін ең үлкен мәртебе. Менің таңдауым – баланың балалық шағын қызықты ету және оған өмірлік үлкен жолға жолдама беру. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздық қызметті мамандық емес, миссия деп атар едім.

 

Ақмарал БОРТЫБАЕВА,

Алматы қаласындағы №141 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55

Агросаладағы ауқымды жобалар

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Мұғалім жұмыссыз қалмайды

Қоғам • Бүгін, 08:37