Қоғам • Бүгін, 15:56

Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушілері үшін қалаған цифрлар мен әріптер комбинациясы бар мемлекеттік нөмірге тапсырыс берудің жаңа тәсілі пайда болды. Енді ел азаматтары автокөлік нөміріне «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады

Фото: kolesa.kz

Өтінім беру процесі бірнеше минутта жүзеге асады.

Көлік нөмірін таңдау: 5 қаңтардан бастап кез келген әріп пен санды сатып алуға болады

Пайдаланушы қосымшаға кіріп, сервисті таңдап, қалаған комбинациясын жазады. Жүйе автоматты түрде оның статусын (бос немесе бос емес) көрсетеді.  Нөмірді ешкім таңдамаса, төлем жасап, алып кететін бөлімшені таңдауға болады. Таңдаған комбинация бос болмаса, жүйе басқа нөмір енгізуді ұсынады. Сервис аймақты өтінім берушінің тіркелген жеріне сәйкес автоматты түрде анықтайды.

gov.kz 

Ел тұрғындары енді көлік нөмірін өздері таңдай алады

Тапсырыс бергеннен кейін көлік иесі арнайы ХҚКО-ға барып, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ала алады.

Көлік көбейген сайын қауіп күшейіп барады

Соңғы жаңалықтар