Ауа райы • Бүгін, 09:25

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

2026 жылғы 7 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:

Ұлытау облысы

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 433-750 км (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа кенті);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 750-788 км (Жаңаарқа кенті – Қарағанды облысының шекарасы).

Жетісу облысы

  • «Үшарал – Достық» автожолы, 84-164 км (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Қарағанды облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 92-164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау БӨП);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 788-906 км (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 970-1064 км (Қарағанды қаласы – Молодежный кенті);

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1064-1135 км (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы

  • «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолы, 1135-1206 км (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 254-431 км (Шідерті кенті – Атамекен кенті);

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 200-254 км (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Ақмола облысы

  • «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30-92 км (Жібек Жолы БӨП – Қарағанды облысының шекарасы);

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мына учаскелерде қозғалысқа шектеу қойылды:

Абай облысы

  • «Өскемен – Семей» автожолы, 103-198 км (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 778-1013 км (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062 км (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);

  • «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолы, 15-105 км (Белоусовка кенті – Риддер қаласы);

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1104-1191 км (Глубокое ауылы – Шемонаиха қаласы);

  • «Өскемен – Семей» автожолы, 10-103 км (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы).

Жамбыл облысы

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 км (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).
    Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы

  • KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолы, 17-60 км (Қарағанды қаласы – Ботақара кенті);

  • KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы» автожолы, 248-592 км (Атамекен кенті – Балқаш қаласы).

Павлодар облысы

  • Көлік айрығының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Қалқаман» айрығы – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығаберіс учаскесінде барлық көлік түрлері үшін уақытша қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты Осинов асуында 46-66 км аралығында (Северный ауылының бұрылысы – Серебрянск қаласының бұрылысы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар