Ауа райы • Бүгін, 10:42

Бүгін ауа райы қандай болады?

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Синоптиктер сенбі, 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін ауа райы қандай болады?
Оңтүстікте ауа райы көшпелі бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Орталықта қар жауып, боран соғады, кей жерде бұрқасын соғады.

Батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тұман түсіп, жел екпіні күшеюі мүмкін. Шығыста қар, боран және көктайғақ болады.

Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Жолда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 13-15 градус.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Шымкентте ауа райы құбылмалы бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Қонаевта ауа райв құбылмалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Талдықорғанда күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус. 

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта көктайғақ болып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 3-5 градус.

Таразда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Кей уақытта тұман түседі. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

Атырауда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 13-15 градус аяз, күндіз 4-6 градус.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 19-21 градус аяз, күндіз 9-11 градус.

Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 23-25 градус аяз, күндіз 14-16 градус аяз.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, түнде қар, боран, күндіз аздап бұрқасын соғады. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, түнде аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 8-10 градус аяз.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 24-26 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Температура түнде 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21-23 градус аяз, күндіз 13-15 градус аяз.

Павлодарда бұлтты, түнде қар жауады. Ауа температурасы түнде және күндіз 13-15 градус аяз.

Семейде бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-5 градус аяз.

Өскеменде бұлтты. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42