Ата заң • Бүгін, 15:03

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 7 ақпанда Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

Фото: t.me/consot_kz

Комиссияның сегізінші отырысы барысында Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Әзімова алдыңғы отырыстарда түскен барлық ұсыныстарды жинақтап, оларды бірыңғай тізімге енгізуді және олардың жобаға қалай ескерілгенін немесе әлі де қаралу үстінде екенін көрсетуді ұсынды.

Жұлдыз Сүлейменова: Жаңа Конституцияда табиғатты қорғау қағидаттары айқындалды

Бұған дейін, комиссияның жетінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жаңа Конституция жобасында «мәңгілік билікке» жол берілмейтінін мәлімдеген еді. 

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында елдің аумақтық тұтастығының мызғымастығы көрініс тапқан. Бұл туралы өткен отырыста мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин мәлімдеді.

Отырыс барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституция жобасында қалыңдық ұрлау мен некеге мәжбүрлеу сияқты ескі құбылыстарды түбегейлі жоюға мүмкіндік беретін норма бекітілгенін айтты. Сондай-ақ Ластаев жаңа Конституция жобасында соғысты насихаттауға тыйым салумен қатар, қарулы қақтығыстарды насихаттауға да қосымша тыйым енгізілгенін хабарлады.

Ермұрат Бапи: Өзіміз аңсап келген конституциялық өзгерістерді өгей көргеніміз тіптен түсініксіз жағдай

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда жаңа Конституцияның жобасы жарияланған болатын. Бұған дейін Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады.

Жаңа Конституция жобасы Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

Конституциялық соттың сайтындағы жарияланымда айтылғандай, Конституцияның жаңа Преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланған. Бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалған.

Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Сонымен қатар мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені бекітілген.

Соңғы жаңалықтар