Фото: Olympic.kz
Қазақстан уақыты бойынша 16:30-да ерлер арасында шаңғы жарысынан скиатлон сайысында Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков жүлделер үшін жарысқа шығады.
Ал 18:05-те биатлоннан аралас эстафета жарысына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева қатысады.
Ақ Олимпиада: Қазақстанның конькимен жүгірушілері үздік 10 спортшы қатарында
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы өнер көрсетеді. Олар — биатлон, шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғымен секіру, солтүстік қоссайыс, фристайл-могул, фристайл-акробатика, тау шаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау.
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?