Қазақстан • Бүгін, 21:25

Соңғы екі айда елімізге қанша адам көшіп келді?

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстандағы көші-қон сальдосы 16,2 мың адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Соңғы екі айда елімізге қанша адам көшіп келді?

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Ұлттық статистика бюросының 9 ақпанда жариялаған мәліметіне сәйкес, есепті кезеңде елге 23,8 мың адам келген, ал 7,6 мың адам Қазақстаннан кеткен.

2024 жылмен салыстырғанда көші-қон белсенділігі төмендеген. Мәселен, келгендердің саны 20,7%-ға, елден кеткендердің саны 40,5%-ға азайған. 

Көші-қон алмасымының негізгі бөлігі бұрынғыдай ТМД елдеріне тиесілі. 2025 жылы Қазақстанға келгендердің 81,8%-ы және елден кеткендердің 71,8%-ы ТМД мемлекеттеріне тиесілі болды. Келгендер арасында этникалық қазақтар мен орыстар басым болса, елден кеткендердің негізгі бөлігін орыстар мен қазақтар құрады.

Ал ішкі көші-қон, керісінше, өсім көрсетті. Өңіраралық қоныс аудару көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артты. Ішкі көші-қонның оң сальдосы төрт өңірде – Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында тіркелді. Ең жоғары халық өсімі елордада байқалып, көші-қон есебінен халық саны 87 мың адамға артты.

Еліміздің бірнеше өңірінде халық саны азайған

Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарын қоса алғанда, елдің көптеген аймақтарында сақталды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 20,4 миллионнан асқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Бүгін, 21:32

Қатар төріндегі қазақ рухы

Мәдениет • Бүгін, 19:12