Сурет ашық дереккөзден алынды
Ең кереметі, ол қысқа спринттен (500 м) бастап ұзақ қашықтыққа (10 000 м) дейін бәрін айқын басымдықпен ұтты. Оның үстіне, Хайден сол ойындардағы әр қашықтықта олимпиялық рекорд орнатып отырған. Содан бері қанша қысқы олимпиада өтті, қанша чемпион шықты. Бірақ бір ойынның ішінде бір спортшының бес алтынды толық қанжығаға байлауы әлі күнге дейін кездескен жоқ.