Фото: Сали Сабиров, ҰОК
Спортшы өзінің төртінші Олимпиадасын 1000 метр қашықтықтан бастаған.
ҰОК мәліметінше, Денис Никиша өз іріктеу жарысында үшінші нәтиже көрсетті. Ал келесі кезеңге тікелей өту үшін мәреге бірінші немесе екінші болып жету қажет еді.
Сонымен қатар үшінші орын алған спортшылардың арасынан ең үздік 4 атлетке де келесі айналымға жолдама берілді. Денис Никиша барлық жарыс аяқталғанға дейін ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтағанымен, соңында ол 1/4 финалға өте алмаған.
Қысқы Олимпиада: Шаңғышылар спринт сынында іріктеуден өте алмады
Айта кетейік, Денис Никишаның негізгі қашықтығы – 500 метр.
Ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықтағы сынды қандай нәтижемен аяқтады?