Қоғам • Бүгін, 19:37

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады

Осыған орай, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

«Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді деп күтіліп жатыр», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Өскемен және Үрімші қалалары арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін екендігін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар