Қоғам • Бүгін, 08:30

Табыл Құлыяс қазынасы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Табыл Құлыястың туғанына 90 жыл толуына орай «Таңдамалы» (VI том) кітабының тұсаукесері өтті. Оған елордалық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Табыл Құлыяс қазынасы

Табыл Құлыяс – сан қыр­лы қаламгер. Әдебиеттегі алғашқы жолын сатирадан бас­таған жазушы кейін тарихи тұлғалар туралы көлемді туындыларға қалам тартты. Әсіресе ав­тордың атақты жырау әрі ержүрек тұлға «Жиембет батыр» туралы роман-эссесі мен Жиенғали Тілепбергенов жайындағы «Аңыз ізімен» атты романын оқырмандар жылы қабыл­дады. Сондай-ақ қалам­гер­дің зерттеу­шілігі де – бір төбе. Оның XX ғасырдағы хал­қымыздың басынан өткен түрлі зұлматты бейнелеген «Қан­жоса ғасыр» кітабы мұрағаттық деректермен жазылған.

Іс-шара барысында Табыл Құлыястың өнегелі өмірі, адами қасиеті, журналистік қызметі мен шығармалары туралы естеліктер айтылды. Жиынды аталған университеттегі филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазин жүргізді. Кеште алдымен сөз алған белгілі ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай қаламгерді ертеден білетінін айтты.

«Ол кісінің есімін мектепте оқып жүргенде респуб­ликалық басылымдардан жиі кездестіретінмін. Сонау 60-80-жылдардың орта­сындағы Ақтөбе мен Торғай өңіріндегі адамдардың тағ­дырын, олардың қуанышы мен қайғысын осы Табыл ағамыздың жазғандары арқылы біліп жүрдік. Кейін прозалық шығармаларымен таныс­тым. Қаламгер көзі тірісінде қазақтың көптеген тұлғасымен жақын араласты. Солар туралы айтатын қызықты әңгімелері көп еді. Соның бірі – атақты ғалым Ишанбай Қарақұлов болатын», деді ол. Одан кейін академик Дихан Қамзабекұлы Табыл ағамыздың өзі басқарып отырған «Қазақ газеттері» серіктестігінің ардагері ретінде де қадірі бөлек болғанын жеткізді.

«Былтыр біздің балалар басылымдарының бірқатары айтулы мерейтойларын атап өтті. Табыл ағамыз осы басы­лымдарға өткен ғасырдың 60-70-жылдары үзбей жазып тұрған автор ретінде де үлкен орны бар. Бұдан кейін тәуелсіздіктің алғашы кезеңінде Целиноград атауын Ақмолаға ауыстыруға да зор үлес қосты. Тарихымызды түгендеуге де аянбай еңбек етті. Ресейдегі Орынбор, Саратов қала­ларындағы архивтерге барып, ақтаңдақ жылдарға қатысты қаншама құнды тарихи мәліметтер тапты. Соның негізінде деректі шығармалар жазды», деді ғалым.

Жиын аясында Парла­мент Мәжі­лісінің депутаты Марат Бәшімов, ғалым Серік Не­гимов, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Ке­мелбек Ойшыбаев, академик Кәрімбек Құрманалиев, тағы басқа танымал азаматтар сөз алып, ардақты тұлғаның жан-жақты қырын ашып сөйледі. Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөнін­дегі проректоры Ардақ Бейсенбай аталған оқу орынның ректоры Ерлан Сыдықовтың ізгі лебізін оқып берді. Белгілі әнші, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Кенжеғали
Мыр­­­жықбай әуелетіп ән салды. Қаламгердің жаңа жи­нақтары таныстырылды. Іс-шара со­ңында жазушының жары Күләш Маханова осы шараны ұйымдастырушылар мен жиналған қауымға риза­шы­лығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38