Аймақтар • Бүгін, 10:27

Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе − Астрахань тасжолында (Ақтөбе облысы) көлік қозғалысындағы уақытша шектеулерге байланысты «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар пойыздарында қосымша шамамен 400 тегін орын ұйымдастырды. Жедел шаралар ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтардың көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді

Фото: ҚТЖ

ҚТЖ пойыздарымен 10 ақпанда 400 жолаушы төмендегі бағыттар бойынша тасымалданған:

№613 «Маңғыстау – Орал» пойызы:

  • Қандыағаш − Ақтөбе: 18 жолаушы;
  • Алға − Ақтөбе: 106 жолаушы.

№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы:

  • Ақтөбе − Қандыағаш: 29 жолаушы;
  • Ақтөбе − Алға: 45 жолаушы;
  • Ақтөбе − Тамды: 9 жолаушы;
  • Ақтөбе − Бестамақ: 9 жолаушы;
  • Алға − Тамды: 2 жолаушы.

№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы:

  • Қандыағаш − Ақтөбе: 7 жолаушы;
  • Ақтөбе − Алға: 80 жолаушы.

№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы:

  • Қарауылкелді − Ақтөбе: 7 жолаушы;
  • Шұбарқұдық − Ақтөбе: 3 жолаушы;
  • Қандыағаш − Ақтөбе: 23 жолаушы;
  • Ақкемер − Ақтөбе: 1 жолаушы;
  • Тамды − Ақтөбе: 7 жолаушы;
  • Алға − Ақтөбе: 32 жолаушы;
  • Бестамақ − Ақтөбе: 4 жолаушы.

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

ҚТЖ қолайсыз ауа райы кезеңдерінде халықтың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шараларды жыл сайын жүйелі түрде жүзеге асырады. Биылғы қыс мезгілі басталғалы бері еліміз бойынша теміржол көлігі арқылы 1 мыңнан астам жолаушы жеткізілген. Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі.

Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Соңғы жаңалықтар