Қоғам • Бүгін, 16:28

MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Maqsut Narikbayev University (MNU) заңгер ғалымдары Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңы жобасын қолдағандарын жариялады. Университетте «Жаңа Конституция – мемлекеттілік дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады

Фото: yandex.com

Іс-шара барысында профессорлар бүгін БАҚ-та жарияланған жаңа Конституция жобасын жан-жақты қарастырып, оның мазмұнын талқылады. PhD докторы, MNU профессоры Марат Ахмади мемлекеттік тілдегі мәтінге енгізілген кешенді түзетулер туралы айтып өтті. Конституциялық комиссияның мүшелері – заң ғылымдарының докторлары, MNU профессорлары Үнзила Шапақ пен Индира Әубәкірова, сондай-ақ комиссия мүшесі, MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев жаңа Конституция жобасында университет профессорларының ұсыныстары ескерілгенін атап өтті.

«Өздеріңізге мәлім, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда Жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Біз еліміздегі заңгерлер қауымдастығы шоғырланған университетімізде жаңа Ата заң жобасын алғашқылардың бірі болып талқылау міндетіміз деп санадық», деді Талғат Нәрікбаев.

Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның алғашқы Конституциясын әзірлеуге қатысқан университет профессорлары да пікір білдірді. MNU Emeritus Professor-ы, заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыров жаңа жоба 1993 және 1995 жылғы Конституциялармен салыстырғанда айқын артықшылықтар мен жаңалықтарға ие екенін атап өтті. Сонымен қатар университет ғалымдары қазақша нұсқадағы терминологиялық қателерді, мағыналық дәлсіздіктерді, грамматикалық сәйкессіздіктерді және құқықтық-лингвистикалық қайшылықтарды түзету бойынша ұсыныстар енгізген.

«Жаңа Ата заң жобасы көптеген құндылықтарды қамтыды. Конституцияның рухы едәуір артты, ұлттық біртектілігіміз нығайды, сондай-ақ ел тұрғындары ретінде біздің бірегейлігімізді көрсететін ережелер көзделген. Жоба ортақ шешім нәтижесінде қалыптасты. Конституциялық комиссия қызметі мен түрлі алаңдардың жұмысы қоғамның пікірін, көңіл-күйі мен идеяларын барынша ескеруге бағытталған», деді Индира Әубәкірова.

ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, диалог алаңының жұмысын жалғастыруды ұсынды. Жиын Қазақстанның мемлекеттілік дамуы мен құқықтық реформаларды қолдау жолындағы маңызды қадам болды.

Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады

Соңғы жаңалықтар