Олимпиада • Бүгін, 00:45

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетті

Фото: Тұрар Қазанғапов, ҰОК баспасөз қызметі

Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.

Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтады. Ал Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды - 301,8 ұпай. Жапониялық Рэн Никайдо (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томащак үздік үштікті түйіндеді – 291,2.

Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин ТОП-10 спортшының қатарына кірді

Соңғы жаңалықтар