Қысқы спорт • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда төртжылдықтың басты бәсекесі ХХV қысқы Олимпиада ойыны жалғасып жатыр. 17 ақпанға жоспарланған жарыс күнінде отандастарымыз 4 спорт түрі бойынша бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Фото: olympic.kz

Бүгін жүлдеге таласатын атлеттер: 

Қазақстан уақытымен 14:00-де шаңғы қоссайысы бағдарламасында шаңғы жарысы мен үлкен тұғырдан секіру бәсекесі өтеді. Бұл сында ел намысын Шыңғыс Рақпаров қорғайды. 

Бүгін фристайл-акробатикадан ерлер және әйелдер арасындағы жарыс басталады. Әйелдер арасындағы сайыста сағат 14:45-те Аяна Жолдас іріктеуден өтуге күш салады. 

Ерлер арасындағы бәсеке 17:30-да басталады. Іріктеуге Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов қатысады. 

Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

Сондай-ақ сағат 19:43-те конькимен жүгіруден командалық жарыс өтеді. Бұл сында Кристина Силаева, Надежда Морозова мен Арина Ильященко бақ сынайды. 

22:45-те әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарлама бойынша жарыс өтеді. Аталған жарыста Софья Самоделкина жүлдеге таласады. 

Қысқы Олимпиада-2026: Жарыс кестесі жарияланды

Айта кетейік, қысқы Олимпиадада Қазақстан қоржынында 1 алтын медаль бар. Тарихи жеңісті мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сыйлады. 

Соңғы жаңалықтар