Өндіріс • Бүгін, 10:38

9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев хабарлағандай, өңдеу өнеркәсібінің болашақ бағдарын айқындайтын 17 ірі инвестициялық жоба іріктеліп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады

Фото: istockphoto.com

Бүгінгі таңда министрлік тікелей 9 жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алған. Айта кетерлігі, бұл бағыттағы жұмыстың алғашқы жемісі ретінде өткен жылы екі өндіріс ошағы іске қосылды. Қалған нысандар бойынша құрылыс пен жабдықтау жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр.

«Барлық 9 жоба толық қуатқа шыққанда өндіріс көлемі $7,3 млрд-қа дейін жетеді деп күтілуде. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», деді Ерсайын Нағаспаев.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсімі 6,4%-ға жетті.

Соңғы жаңалықтар