Жаз мезгілі түркітілдес театрлар үшін табысты басталды. Жақында Қазан қаласы театр фестиваліне қатысушы қонақтарды қарсы алып, сахна сынының ХІІ маусымдағы шымылдығын түрді.
Түркітілдес алты мемлекет және Ресейдің бірнеше аймағынан ат арылтып жеткен өнер көші татар елінің төрінде бас қосты. Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан мемлекеттерінің және Алтай Республикасы, Якутия, Башқұртстан, Татарстан автономияларының театр тынысымен таныстырушы ұжым өкілдері өнерін Қазан жұртшылығына тарту етті.
Өнертану ғылымдарының докторы, профессор, белгілі шекспиртанушы маман Алексей Бартошевич (Мәскеу) төрағалық еткен өнер сынында Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Дина Давлетшина (Уфа), өнертану кандидаты, профессор Сәния Қабдиева (Алматы), Халықаралық «Наурыз» фестивалі көркемдік жетекшісінің орынбасары, «Золотая маска» Бүкілресейлік фестивалі сарапшылар кеңесінің мүшесі, театр сыншысы Нияз Игламов, Екатеринбург муниципалдық жас көрермендер театры директорының орынбасары Олег Лоевский (Екатеринбург), театртанушылар Елена Ковальская (Мәскеу), Кристина Мотивенко (Мәскеу), Надежда Стоева (Санкт-Петербург) сияқты бір топ ресейлік сахна мамандары түркітілдес театрлармен қатар, қазақ театрларының бүгінгі аяқ алысы мен кәсіби қарымына баға беріп, фестиваль бағдарламасына енген қойылымдардың көркемдік деңгейін талқыға салды.
Биылғы «Наурыз», әсіресе, қазақ театрлары үшін ерекше жаңалыққа толы болды: ХІІ театр маусымы толығымен қазақ өнерінің ерекшелігін екшеп, насихаттауға арналды. Еліміздің атынан қатысқан үш бірдей труппа: М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театры (Алматы), Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Ақтау) және Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» ұжымы өнеріне татар жұртшылығы тәнті болып, ресейлік сыншылар бас иді. Әсіресе, Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры сахналаған У.Шекспирдің «Асауға – тұсау» комедиясы (қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай) жастық жалыны, пластикалық тапқыр шешімі арқылы, қойылымның қуатты динамикасымен фестиваль жаңалығына айналды.
«Асауға – тұсау» – Жастар театры ұжымының тұтастай труппа болып қатысар һәм ұжым өнерінің бар мүмкіндігі мен ерекшелігін паш етер бірден-бір қойылым.
Ұлттық құндылықтарымыз бен бүгінгі қазақ театрының тыныс-танымы, деңгей-талғамымен таныстыру жауапкершілігін арқалап жеткен елордалық Жастар театры Қазан қаласында осылайша абыройлы өнер көрсетіп, ұлттық өнердің туын желбіретіп қайтты. Сөйтіп, бес күнге созылған өнер жәрмеңкесі қазақ театрлары туралы ресейлік кәсіби мамандардың сыны мен салиқалы сараптамасына қанығып, түркі әлемі театрларының немен тыныстап жатқандығын сезініп-білуге, талдап-таразылауға мол мүмкіндік туғызып берді. Осы арқылы фестиваль түркітілдес халықтардың тілі мен діліне жаңаша тыныс ашып, ұлттар арасындағы мәдениет пен дәстүр алмастығына тың серпін сыйлады. Бастысы, түркі халықтарына ортақ мәдениет мерекесінде түбі бір түркі ағайындар қазақ өнерінің қарымды аяқ алысына тәнті болып тарқасты.
Назерке ЖҰМАБАЙ,
театртанушы.
Астана – Қазан – Астана.

Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент • Бүгін, 14:58
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:49
«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті
Президент • Бүгін, 14:36
Қазақстан криптохабқа айнала ма? Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Президент • Бүгін, 14:31
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Президент • Бүгін, 14:25
Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 14:18
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Президент • Бүгін, 14:02
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Өшпес даңқ • Бүгін, 13:55
Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Комадағы науқастарға әлеуметтік көмек рәсімі жеңілдетіледі
Медицина • Бүгін, 13:27
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады
Инфляция • Бүгін, 13:15
Эпидемиологтар қызылшаның таралуына не әсер еткенін түсіндірді
Медицина • Бүгін, 13:05
Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен
Оқиға • Бүгін, 12:48
Алдағы күндері елімізде 36 градус аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты
Спорт • Бүгін, 12:37