Әлем • Кеше

Әйгілі Sega компаниясына жетекшілік еткен Хидэки Сато өмірден өтті

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жапониялық инженер, Sega компаниясының әйгілі ойын приставкаларын жасауға жетекшілік еткен Хидэки Сато 2025 жылғы 13 ақпанда 77 жасында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйгілі Sega компаниясына жетекшілік еткен Хидэки Сато өмірден өтті

Фото: Ашық дереккөз

Хидэки Сато ХХ ғасырдағы Sega-ның ең танымал ойын құрылғыларын әзірлеуге басшылық етті. Оның жетекшілігімен Sega Mega Drive, Sega Saturn және Dreamcast консольдері жарық көрді. Бұл құрылғылар бір кезеңде әлемдік ойын индустриясының бағытын айқындады.

РБК хабарлауынша, Sega алғашқы 8-биттік SG-1000 приставкасын 1983 жылы нарыққа шығарған еді. 1980-жылдардың соңына қарай компания ойын индустриясындағы ең танымал брендтердің біріне айналды. 1988 жылы таныстырылған 16-биттік Mega Drive үй консолі Sega-ның даңқын асқақтатты. Дәл осы платформада 1991 жылы Sonic the Hedgehog ойыны жарық көрді. Көк түсті кірпі Соник қысқа уақытта компанияның символына айналып, ойын әлеміндегі ең танымал кейіпкерлердің біріне айналды.

Кейін Хидэки Сатоның бастауымен 32-биттік Sega Saturn консолі шығарылды. Алайда ол «приставкалар бәсекесінде» Sony PlayStation-ға есе жіберді. Соған қарамастан, Sega ойын индустриясындағы ықпалын сақтап қалды.

2003 жылдан бастап компания бизнес жүргізу тәсілін өзгертіп, Sammy-мен бірігу арқылы Sega Sammy Holdings холдингін құрды. Осы кезеңнен бастап Sega стратегиялық Total War, шытырман оқиғалы Yakuza және Football Manager симуляторы сияқты танымал ойын серияларының баспагеріне айналды.

Хидэки Сатоның есімі электронды ойын тарихында қалды. Оның еңбегі бір буынның балалық шағымен, ойын мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Kaspi, Halyk және шетелдік инвесторлар: Елдегі ең бай компаниялар анықталды

Соңғы жаңалықтар

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Руханият • Бүгін, 15:59