Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жас хорватиялық теннисші Антония Ружичпен кездесті.
Бірінші сетте Қазақстандық 0:2 және 1:3 есебімен артта қалса да, матчтың ағымын өзгертіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина ойынды қайта жалғастыра алмады да, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші сетте де Қазақстандық спортшы кортқа дәрігерлерді шақыртып, ойынды жалғастыра алмайтынын айтты.
Айта кетейік, Дубай турнирінің жеңімпазы 385 мың доллар, яғни шамамен 188 миллион теңге алады. Ал 1/8 финалда жарыстан шығып кеткен Рыбакина 49 250 доллар табыс тапты.