Ауа райы • Кеше

19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

0 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 19 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсед3. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Жезқазғанда 19 ақпанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде жауын-шашын, кей уақыттарда соңы қарға ұласатын қатты жаңбыр күтіледі. Жаяу бұрқасын жүріп, күндіз қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар түседі. Солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды қаласында 19 ақпанда түнде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, ал солтүстігінде кей уақыттарда секундына 25 метрге дейін жетеді. Ақтауда 19 ақпанда түнде және таңертең тұман болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз шығыс, оңтүстік және солтүстік бөліктерінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Атырау қаласында 19 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік, батыс және таулы аймақтарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, ал тау асуларында секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында 19 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Өскеменде 19 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Батысында, оңтүстігінде және орталығында шығыс пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, Мұғалжар ауданында секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Абай облысының батысында, шығысында, солтүстігінде және орталығында түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей тұста секундына 23 метрге дейін жетеді. Семейде 19 ақпанда жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын күтіледі, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде жауын-шашын (соңы қарға ұласатын жаңбыр) күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар қаласында 19 ақпанда түнде жауын-шашын, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей тұста секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Таразда 19 ақпанда кей уақыттарда тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей кезде секундына 23 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, ал орталығы мен солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Қызылорда қаласында 19 ақпанда кей уақыттарда тұман болжанады.

Қостанай облысының оңтүстігінде түнде және таңертең аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада 19 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ болып, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Көкшетауда 19 ақпанда жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар