Ата заң • 19 Ақпан, 2026

Әр адамның пікірі маңызды

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдардағы орнықты дамуының іргетасы. Еңбек адамының еңбегі – мемлекеттің негізі, ал еңбекқорлық елдің басты құндылықтарының біріне айналуы керек. Бұл құндылық ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен өндіру бірлестігі» АҚ ұжымына етене жақын. Кәсіпорын қызметкерлері ел азаматтары мұндай маңызды шешімнен шет қалмай, референдумға келіп, өз таңдауларын жасайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.

Әр адамның пікірі маңызды

Бүгінде ССКӨБ өндіріс алаңдарында 12 мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жүр. ERG кеншілері жаңа Конституцияның қабылдануы осыған дейінгі даму кезеңін түйіндеп, елдің жаңа тарихының, мемлекет дамуындағы жаңа кезеңінің бастауы боларына сенімді.

1

Конституциялық реформа – басымдықтар жүйесінің айқын көрінісі. Олардың ең маңыздысы – тұрақтылық, басқарымдылық пен бірізділік. Бұл қатарды одан әрі толықтырып, ендігі жерде «еңбек қауіпсіздігі – мемлекеттің міндеті» деп танылғанын айта кеткен жөн. Еңбеккерлер ұжымында өндірістегі адам өміріне қауіпті экономикалық мақсаттарды немесе кәсіптің өзіндік ерекшеліктерін ешбір жағдайда ақтауға болмайтыны маңызды деп саналады. Ендігі жерде мемлекет пен жұмыс беруші жарақат алу фактілерінің, апаттар мен кәсіби аурулардың алдын алу ісіне тікелей жауапты.

2

«Конституциялық өзгерістер әрдайым елдің тек бүгінгі ғана емес, ұзақ жылдардағы орнықты дамуының алғышарттарын айқындайды. Мұның өнеркәсіп саласы үшін маңызы ерекше. Бұл жерде адамдар, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік тұрақтылық, экономикалық ортаның сапасы сөз болып отыр. Жаңа Конституция еңбек адамының рөлін нығайтады. Заманауи жауапкершілік тепе-теңдігін қалыптастырып, өндірісті дамыту мен қызметкерлер мүддесін қорғау ендігі жерде бір-бірімен тығыз байланысты міндетке айналады. Міне, сондықтан референдумға қатысу – елдің ертеңгі даму траекториясын айқындайтын әр азаматтың саналы таңдауы», деді ERG Директорлар кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов.

3

Тау-кен алыбының қызметкерлері бүгінгі өзгерістердің қайда бағытталғанын жете түсінеді әрі оларға белсене қатысуға даяр.

5

Олар барша қазақстандықтарды алдағы референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырады. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Соңғы жаңалықтар