Спорт • Бүгін, 18:04

Ауылдан шығып, Азияны бағындырды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысы, Көкпекті ауданына қарасты «Шуақты Шұғыла» балабақшасының «Толағай археологтары» командасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Ауылдан шығып, Азияны бағындырды

21-23 қаңтар күндері өткен аймақтық іріктеу кезеңінде топ жарып, Орта Азия чемпионатына жолдама алған бүлдіршіндер бұл жолы да үмітті ақтады. 4-6 жас аралығындағы балалар арасында ұйымдастырылған «Discover» бағыты бойынша робототехника сайысында олар нағыз сенсация жасады деуге болады. Байқаудың ауқымы кең. Мәселен, 13 елден 5 мыңнан астам команда қатысып, солардың ішінен үздік деп танылған 20 команда финалдық кезеңде бақ сынасқан. Осындай тартысты додада Көкпектінің кішкентай өрендері жобаларын қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қорғап, жоғары дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде команда «Presentation of the Day Award» – «Күннің ең үздік таныстырылымы» аталымын жеңіп алып, Бас жүлдені иеленді. Бұл тек балабақша ұжымы үшін ғана емес, бүкіл аудан үшін зор мақтаныш дейді жетекшілері.

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Жеңімпаз бүлдіршіндерді атап айтсақ, олар Бекзат Орынбеков, Ясмина Орынбекова, Нұрасыл Қалиев, Кәусар Амангелді, Бекасыл Сайлауғазы. Ал команда жетекшілері – Бақытбек Орынбаев, Айсұлу Есімханова, Гүлжанат Қалиева, Олжас Сақтаған, Назым Келербекова, Гүлім Талғатқызы.

Петропавлда қазақ балабақшасы ашылды

Ауыл балаларының халықаралық деңгейде бақ сынауына мүмкіндік жасап, үлкен сапарды ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Айнұр Алтайқызының еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Талантты бүлдіршіндердің ата-аналарына осы сапарға демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Көкпекті ауданының жеке кәсіпкері Арнұр Мәуітхановқа алғыстарын білдірді.

«Бұл Абай облысының, әсіресе Көкпекті ауданының білім саласындағы айтулы жетістігі. Кішкентай қадамнан басталған үлкен жеңіс – болашақтың жарқын кепілі», дейді Айнұр Алтайқызы.

Балабақшаларда кезек 2 есе азайды

Соңғы жаңалықтар