Әлем • Бүгін, 12:15

Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық кедендік баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа тарифтер 24 ақпаннан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz

Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді

«Барлық елдер үшін 10 пайыз мөлшеріндегі жаһандық баж салығына қол қойғанымды хабарлау мен үшін үлкен мәртебе. Ол іс жүзінде бірден күшіне енеді», деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп Жоғарғы сот күшін жойған тарифтердің орнына 150 күн мерзімге уақытша 10 пайыздық баж салығын енгізген. Сондай-ақ ол өзіне тарифтерді қайта енгізуге мүмкіндік беретін өзге де заңнамалық нормаларға сәйкес жаңа тергеулер жүргізуді тапсырған.

Жаңа баж салығы 1974 жылғы Сауда туралы заңның 122-бөліміне сәйкес 24 ақпанда күшіне енеді. 

Сонымен қатар, Трамп 2025 жылдың басынан бастап енгізілген сауда тарифтерін заңсыз деп таныған Жоғарғы сот шешімін сынға алды.

«Жоғарғы соттың тарифтерге қатысты шешімі көңіл көншітпейді. Кейбір судьяларымыздың еліміз үшін дұрыс шешім қабылдауға батылы жетпегені үшін ұяламын», деді ол.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді.

АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?

Соңғы жаңалықтар

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20