Болашақ кассирлерге қойылатын талаптар жоғары жауапкершілікті қажет етеді. Үміткерлердің бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика немесе гуманитарлық салалар бойынша жоғары немесе орта білімі болуы шарт. Сонымен қатар мамандығы бойынша кемінде екі жылдық жұмыс өтілі және «1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу дағдысы басты назарға алынады. Есептілікті сауатты құрастыра білумен қатар, мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру міндетті, ал ағылшын тілін білу басымдық ретінде қарастырылады.
Лауазымдық міндеттер шеңберінде мамандар LRT пайдалану ережелерін, қолданыстағы тарифтер мен жеңілдіктерді жолаушыларға түсіндіруі тиіс. Сондай-ақ көлік карталарын сату, олардың теңгерімін толтыру және кассалық есептілікті жүргізу – басты міндеттердің қатарында.
Өз кезегінде компания Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыруға және ауысымдық жұмыс кестесіне кепілдік береді.
Қызығушылық танытқан азаматтар түйіндемелерін CTS ресми сайты немесе hr@cts.gov.kz электронды поштасы арқылы жолдай алады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 577 177 (ішкі нөмірлер: 102, 207) байланыс телефонына хабарласуға болады.