Фото: Ашық дереккөз
Оқушылар үшін демалыс алдындағы соңғы оқу күні – 18 наурыз. Ал 30 наурыз күні мектеп партасына қайта оралып, оқу жылының қорытынды кезеңі – төртінші тоқсанға білек сыбана кіріспек.
Биылғы үшінші тоқсан 10 аптаға созылды. Алдағы төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға жоспарланған. Бекітілген күнтізбе бойынша, 2026 жылғы 25 мамырда оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылады. Осыдан кейін оқушылар үшін көптен күткен жазғы демалыс басталады.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.