Фото Pexels.com
Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан судьясы кейбір ресейлік спортшыларға тым жоғары балл қойған, ал алтын медаль алған америкалық Алиса Лю мен жапон спортшыларына тым төмен баға берген деген айыптаулар пайда болған.
«Аделия Петросян төрттік секіруден ауыр қателік жасады және басқа секірулерде де айқын қателіктер болды, бірақ Парецкая ресейлік спортшыны бірінші орынға шығарды. Бұл баға тек қатысушылар Петросян жасағандай ауыр қателіктер жіберсе ғана ақталуы мүмкін еді. Бірақ олай болған жоқ: спортшылар мықты өнер көрсетті», деп жазады Forbes.
Сонымен қатар, Forbes басылымы Халықаралық коньки спорты одағының (ISU) өкілі судьялар қойған ұпайлардағы айырмашылық қалыпты тәжірибе екенін, әр элемент бойынша ең жоғарғы және ең төменгі ұпайлар әдетте есепке алынбайтынын атап өткенін жазады. Ұйым бағалаулар адал және әділ қойылған деп санайды.
Қазақстан ҰОК хабарлауынша, Олимпиадаға судьяларды тағайындау олардың құзыретіне кірмейді.
«Бұл функциялар толықтай халықаралық спорт федерацияларының құзыретінде. Мәнерлеп сырғанау бойынша бұл міндет ISU-ға жүктелген, ол Олимпиада ойындарына қатысатын мамандар құрамын өзі анықтайды», деп хабарлады ҰОК.
ISU кандидаттарды таңдағанда халықаралық судьялық санатының бар болуын, біліктілікті және ірі халықаралық жарыстарда тәжірибені басшылыққа алады. Ұлттық Олимпиада комитеті бұл процеске әсер ете алмайды және шешім қабылдауға қатыспайды.
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
«Олимпиададағы судьялар – тәуелсіз техникалық мамандар, ISU ережелерінің шеңберінде және сыртқы ықпалдан тәуелсіз жұмыс істейді. Судьялардың жұмысы ISU техникалық комитеттері арқылы бақыланып, қатаң ережелермен реттеледі», деп толықтырды комитет.
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді