Салық • Кеше

25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы 16 ақпанда бірқатар салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады. Бұл туралы Uchet.kz еске салады, деп жазады Egemen.kz.

25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз

16 ақпанға дейін келесі нысандар тапсырылуы тиіс:

  • 101.03-нысан – төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша есеп;

  • 200.00-нысан – жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық декларациясы;

  • 300.00-нысан – қосылған құн салығы (ҚҚС) декларациясы;

  • 400.00 және 421.00-нысандар – 2025 жылғы желтоқсан үшін акциз декларациясы және құрылымдық бөлімшелер/салық салу объектілері бойынша есеп;

  • 701.01-нысан – мүлік салығы бойынша төлемдер есебі;

  • 710.00-нысан – ойын бизнесі салығы декларациясы;

  • 860.00-нысан – жерүсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем декларациясы;

  • 870.00-нысан – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем декларациясы;

  • 880.00-нысан – цифрлық майнинг үшін төлем декларациясы;

  • 910.00-нысан – шағын бизнес субъектілеріне арналған жеңілдетілген декларация;

  • 913.00-нысан – бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация.

20 ақпанға дейін 328.00-нысан – 2026 жылғы қаңтар үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, сондай-ақ 851.00-нысан – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер мен төлемақы сомаларының есебі тапсырылуы қажет.

5 ақпанға дейін жеке практикамен айналысатын тұлғалар жеке табыс салығын төлеуі тиіс.

20 ақпанға дейін:

  • Акциздер (соның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша);

  • ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар.

25 ақпанға дейін:

  • КТС бойынша аванстық төлемдер;

  • 910.00 және 913.00 нысандары бойынша ЖТС;

  • Төлем көзінен ұсталатын ЖТС;

  • Әлеуметтік салық;

  • Ойын бизнесі салығы;

  • Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;

  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

  • Жерүсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

  • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлем;

  • Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем;

  • ҚҚС;

  • Әлеуметтік аударымдар;

  • Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

  • Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ);

  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

  • Азаматтық-құқықтық шарттар (АҚШ) бойынша МЗЖ.

Павлодарда салықтан жалтарған құрылыс алпауыттарынан 120 млн теңге өндірілді

Мамандар салықтарды төлеуді кейінге қалдырмай, барлық қажетті төлемдерді алдын ала жүргізуге кеңес береді. Бұл айыппұлдар мен өсімпұлдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?

Соңғы жаңалықтар