Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Сапар барысында вице-премьер Нұра өзенінің арнасы бойындағы Көкпекті, Байқадам, Петровка, Сарытөбе, Ботақара, Шешенқара ауылдарын, сондай-ақ «Байқадам» және «Миньковская» су бөгеттерін және Ащысу су қоймасын қарап шықты. Шерубай-Нұра өзені бойында Қарашоқы, Бесоба, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Нұраталды, Ақсу және Шопа елді мекендері тексерілді. Сонымен қатар Красная Поляна ауылындағы қорғаныс бөгеттірінің жай-күйі қаралды.
- 25 шақырым қорғаныс дамбалары мен бөгеттері салынды және нығайтылды;
- Өзен арналарының 28 шақырымнан астам су тасқыны қаупі бар учаскесіне санация жүргізілді;
- 21 шақырым дренаж және су бұру жүйелері тазартылды;
- 54 автожол учаскесінде су өткізу қабілеті арттырылды;
- 4 гидротехникалық нысанға жөндеу жүргізілді.
«Жергілікті атқарушы органдар материалдық-техникалық және қаржылық резервтерді қалыптастырды, шамамен 1 млн 200 мың текше метр қар шығарылды. Облыстың 7 ауданында және 4 қаласында су басу қаупі бар 139 елді мекен, сондай-ақ автомобиль және теміржолдардың 130 қауіпті учаскесі ерекше бақылауға алынған. 217 су шаруашылығы нысаны тұрақты мониторингте тұр. Қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты. Негізгі су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан санитарлық су жіберу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.