Тағайындау • Бүгін, 16:17

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Қазақстанның Кениядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Садықов Қазақстанның Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады. Тиісті жарлықты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Руанда Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар