25 ақпан сағат 23:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді қозғалтқышы бар көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.
Павлодар облысы:
-
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» тасжолының 1206-1135 км (Шідерті кенті – Қарағанды облысының шекарасы);
-
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» тасжолының 0-231 км (Қалқаман кенті – Қарағанды облысының шекарасы);
-
«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» тасжолының 0-263 км (Атамекен кенті – РФ шекарасы);
-
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 191-390 км (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);
-
осы тасжолдың 426 – 587 км (Кенжекөл ауылы – Абай облысының шекарасы);
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тасжолының 200-431 км (Ақмола облысының шекарасы – Атамекен кенті);
-
осы тасжолдың 0-152 км (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);
-
«Павлодар – Щербакты – РФ шекарасы» тасжолының 0-112 км (Павлодар қаласы – РФ шекарасы);
-
«Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Курчатов» тасжолының 25-220 км (Ақсу қаласы – Абай облысының шекарасы).
Абай облысы:
-
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 778-967 км (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы);
-
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 587-733 км (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы);
-
осы тасжолдың 756-906 км (Семей қаласы – Қалбатау ауылы);
-
«Семей – РФ шекарасы» тасжолының 2–113 км (Семей қаласы – РФ шекарасы);
-
«Семей – Қайнар» тасжолының 8-284 км (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» автожолына дейін);
-
«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» тасжолының 320 – 941 км (Қарағанды облысының шекарасы – Боғаc ауылының бұрылысы).
Ақмола облысы:
-
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» ажолының 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы).
Қозғалысты ашудың болжамды уақыты: 26 ақпан сағат 10:00.