Табиғат • Бүгін, 13:40

Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ірі шатқалдарына орнатылған фототұзақтарға қар барысының аландары түскен мәліметтері жиналды. Сирек кездесетін бұл кадрлар – табиғаттың тылсым тіршілігінен сыр шертетін ерекше сәттер, деп жазады Egemen.kz.

Сирек кадр: Алматы қорығында аландар көзге түсті

Фото: instagram.com/almaty.bioreserve

Алматы мемлекеттік табиғи қорығының  мәліметінше, аландар бір-бірімен алаңсыз ойнап, анасының қимылын қайталап, аңшылыққа қажет дағдыларды үйренеді. Осы арқылы болашақта өз бетімен жеке тіршілік етуге бейімделеді.

Аумағы кеңейген қорықтар

Айта кетейік, Ілбіс немесе қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, саны азайып бара жатқан жыртқыш. Оның аландарымен бірге фототұзаққа түсуі қорық аумағында жабайы табиғи ортаның сақталғанын және жануарларға қолайлы жағдай жасалғанын аңғартады.

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Соңғы жаңалықтар