Бүгінде қандай ел болмасын жаһандық экономикамен байланыссыз еместігі белгілі. Сондықтан одан әрі дамуға ұмтылушылардың Дүниежүзілік сауда ұйымымен тығыз қарым-қатынасты қалыптастыруды қалауы заман талабы болып табылады. Осы қатарға қосылуды алға қойған елімізге жол ашылуы баршамызды қуантқан оқиға болды. Бұған дейін де әлемдік нарықтағы бәсекелестікте біраз ысылған отандық өндірістеріміздің енді өз өнімдерін кең ауқымда өткізуге мүмкіндігі бар. Алайда, осы жағдайды пайдалана алу да оңай болмастығы анық. Өйткені, шындығын айтқанда, талғампаз тұтынушылар таңдауына сай келетін тауарларымыз бен қызметтеріміз әзірге аз екенін жасырғымыз келмейді. Осыған байланысты Елбасының Үндеуінде одан туатын қиындықтың айтылуы бізді нағыз тайталасты бәсеке күтіп тұрғандығына меңзейді. Оған төтеп беру, күресуді күшейту, өз мүдделерін қорғай білу барлық кәсіпкерлерге сын дер едім. Көбі жаңа экономиканың қыр-сырына қанық әріптестерімнің күткені де осындай ауқымға шығу болғандықтан қолдан келгендерін таныта аларына сенемін.
Еліміз өндірісінің шаңырағы саналатын Қарағанды аймағында шетелдерге де өтімді тауарлар баршылық. Бірақ басым бөлігі мыс, металл тәрізділі дайын өнімдерден әрі аспайды. Жұрт жаппай тұтынатын заттар мен бұйымдар шығару әлі кең көлемде өріс алмай келеді. Бұрын балалар велосипедіне дейін жасайтын кәсіпорындар осындай жолға көше алмай жатыр. Қандай да тауарды өндіруге қолайлы жағдай бар жергілікті өндіріске туып отырған мүмкіндік қамшы салар деп ойлаймыз. Ал ауыл шаруашылығындағы резервтер қаншама десеңізші. Шетелдік тұтынушылар қызығатын таза табиғи азық-түліктерді көптеп шығару, оларды қазақстандық брендке айналдыру қолдан келмес іс емес. Оны жаһандық нарық шарттарына сай етіп өндіруді жолға қойған кәсіпорындардың үлгісі бойынша ең алдымен осы шаруаны ширату қажет. Бұған ұмтылушыларға қолдау көрсету бұрын да кем болмаса бұл жолы одан сайын ұлғаяры сөзсіз.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің біразы осындай қиындықтардан өткенін білеміз. Біз де жеңе білуіміз керек. Экономикалық сындарда шыңдалған еліміздің оны еңсеруіне бәріміздің күш салуымыз қажет. Ортақ жеңіс – ортақ жеміс.
Бекзат Алтынбеков,
Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер.
ЖЕЗҚАЗҒАН.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55