Оқиға • Бүгін, 10:28

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты. Төтенше жағдайдан 7 адам қаза тауып, 13-і ауруханаға жеткізілген, деп жазады Egemen.kz.

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Нариманның айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін 5 адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған.

«Қазіргі таңда 13 адам медициналық көмек алып жатыр. Олардың жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағаланып отыр», деді ол.

Щучинск аудандық ауруханасында зардап шеккен 7 адам ем алып жатыр. Олардың төртеуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде болса, қалған үшеуі травматология бөлімінде, жағдайлары орташа ауыр деп бағаланған.

Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты

Сонымен қатар, түнгі уақытта алты адам облыстық ауруханаға эвакуацияланып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Осылайша, ауруханаға жеткізілген 13 адамның 10-ы ауыр жағдайда, үшеуі бейінді бөлімде орташа ауыр халде ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін зардап шеккендердің арасында кішкентай бала бар деген ақпарат расталмады. Десе де 15 жастағы қыз ауруханада көз жұмған.

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Берілген мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендердің көпшілігін күйік шалған. Кейбірінің жалын салдарынан тыныс алу жолдары зақымданып, ингаляциялық күйік диагнозы қойылған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, алайда оның нақты қай бап бойынша тіркелгені әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар